Кітапхана саласын реформалауға қатысты жұмыс басталды

Кітапхана саласын реформалауға қатысты жұмыс басталды
Сурет: Muftyat.kz

Аталған өзгеріс Ұлттық құрылтайдағы Президент тапсырмасына сай жүзеге аспақ.

Кітапханашылардың жалақысын теңестіру жайы көзделіп отыр. Әрі еңбек нарығына педагог – кітапханашы деген жаңа мамандық енгізу қарастырылған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Балалар кітапханасына» да айтарлықтай көңіл бөлінеді. Қазақ әдебиетінің түрлі кезеңдерін және жанрларын қамтитын арнайы тізім жасалмақ. Сол тізімдегі кітаптар барлық балаға қолжетімді болуы тиіс.

«Мектептегі кітапхана ол тек қана оқулықтарды күзде тарататын, көктемде жинап алатын жер емес. Жалпы функционалды сауаттылығын дамытатын ресурсты орталыққа айналдыруға байланысты педагог –кітапханашы деген жаңа мамандықты енгізу классификаторға. Сондай бір жаңа мамандықтың түрін қарастырғымыз келеді», - дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық құрылтай мүшесі Жұлдыз Сүлейменова.