Қырғызстанның туы қашан өзгереді?

Қырғызстанның туы қашан өзгереді?
Сурет: интернеттен

Заң "Еркін-Тоо" газетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді.

Басылым келесі сейсенбіде жарыққа шығады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзовтің сөзіне сілтеме жасап.

Жаңа туды ілген күннің өзінде қазіргі мемлекеттік рәмізге құрметпен қарау талабы күшінде қалады

Президенттің баспасөз хатшысы Асқат Алагөзов Садыр Жапаровтың туды өзгерту туралы заңға қол қойғанын еске салды. Заң "Еркін-Тоо" газетінде жарияланған күннен бастап күшіне енеді. Басылым келесі сейсенбіде жарыққа шығады.

"Министрлер кабинеті өз қаулысымен мемлекеттік тудың техникалық ерекшеліктерін бекітуі керек. Сол қаулының негізінде жаңа ту әзірленіп, ғимараттардағы рәміздер ауыстырылады. Яғни, бұл біраз уақытты алады", – деп түсіндірді Алагөзов.

Ол жаңа туды ілген күннің өзінде қазіргі мемлекеттік рәмізге құрметпен қарау талабы күшінде қалатынын айтты. Алагөзовтің айтуынша, бұл Жапаровтың нақты тапсырмасы.