Азияда коронавирусқа шалдыққандар көп

Азияда коронавирусқа шалдыққандар көп
Сурет: интернеттен

Ауру жұқтыру көрсеткіші 28 күнде 388%-ға өсті.

ДДСҰ ақпаратына сай, өлім-жітім азайған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Азияда коронавирус жұқтырғандар саны 28 күнде 388%-ға өсті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, осы кезеңде әлемде COVID-19 ауруын жұқтырғандардың жалпы саны 52%-ға (850 мың адам жұқтырған) өсті.

Сонымен бірге әлемде коронавирустан болатын өлім-жітім орта есеппен 8%-ға төмендеген.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша төрт апта ішінде әлемде барлығы 854 мың адам инфекция жұқтырып, 3 мыңнан астам адам қайтыс болған.

Бұған дейін Германия канцлері Олаф Шольцтың коронавирус жұқтырғаны хабарланды.

"COVID-19 вирусын анықтауға арналған тест екі жолақты көрсетіп тұр. Симптомдар аз болса, ауру жеңіл өтеді деп күтемін", - деді Шольц.

Ресей академигі Геннадий Онищенко бұған дейін жаңа коронавирус пандемиясы болмайды деп мәлімдеді.