Хоккейден әлем чемпионатында жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды

Хоккейден әлем чемпионатында жанкүйерлер 800 шаршы метрлік туды жайды
сурет: diapazon.kz

Бүгін Қазақстан құрамасы Чехия командасымен ойнайды.

Қазақстандық жанкүйерлер ел құрамасына қолдау көрсету мақсатында Ригада өтіп жатқан хоккейден ӘЧ-2023-те үлкен туды жайды, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Бүгін, яғни, 14 мамырда, Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында Чехия командасымен ойнайды. Матчты тікелей эфирден «Qazsport» арнасы Астана уақытымен 23:20-да көрсетеді.
Жанкүйерлер команданы қолдауға келіп, өздерімен бірге 800 шаршы метрлік Қазақстан туын әкелген.

«Қазақстан – әлемдегі ең үлкен елдердің бірі. Мәдениеті де бай. Біз мультимәдениетті елміз және оны бүкіл әлемге көрсеткіміз келеді. Өзіміздегі Қазақстанның ең үлкен туын жайып, ұлттық құрама мен оның жанкүйерлерін қолдамақшымыз», - деді ұйымдастырушы Думан Қожахмет.

Сенбіде Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатында бірінші матч өткізіп, Норвегияны жеңді.