Ханчжоудан жеткен қуанышты хабар

Ханчжоудан жеткен қуанышты хабар
Сурет: ҚР Спорт және туризм министрлігі

10 метр қашықтықтан қозғалыстағы нысананы дәл көздеуде Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков пен Асадбек Назиркуляев үздіктер қатарынан көрінді.

Командалық есепте Оңтүстік Корея елінің спортшыларына есе жіберіп, күміс медальды місе тұтты.  Ал Индонезия елінің мергендері қолаға қанағат етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен екінші күміс медаль. Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова екінші орын алған болатын.

Айта кетейік, әзірге спортшыларымыз барлығы жеті жүлде иеленді. Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Эсмигүл Куйлова, сондай-ақ мергендер Никита Чирюкин және аралас командалар арасындағы бәсекеде Александра Ле  мен Ислам Сәтбаевпен бірге жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.