Кейінгі жылдары жастары 65-тен асқан жұмыс істеуші зейнеткерлер көбейген

Кейінгі жылдары жастары 65-тен асқан жұмыс істеуші зейнеткерлер көбейген
Сурет: Mygorod.kz

Соңғы үш жылда Қазақстанда 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлердің саны 26,6%-ға өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, БҚО, Түркістан облысы, Астана және Шымкент қалаларында 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер жоқ екені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

2022 жылдың үшінші тоқсанының қорытындысы бойынша, 65 жастан асқан жұмыс істейтін зейнеткерлер саны әр өңірде әр қилы. Негізгі үрдіс: осы санаттағы қазақстандықтардың көпшілігі солтүстік және орталық өңірлерде тұрады. Ресми ескерілгендердің жартысына жуығы Қостанай және Ақмола облыстарында. Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да баршылық. Қалған өңірлерде көрсеткіштер айтарлықтай төмен, ал ең аз Қызылорда және Маңғыстау облыстарында тұрады.

Осы жас санатындағы барлық жұмыс істейтін зейнеткерлердің 75%-дан астамы ауыл, орман және балық шаруашылығында жұмыс істейді. Экономикалық қызметтің барлық басқа түрлерінің көрсеткіштері олармен салыстырғанда аз. Олардың 4%-ы қоймаларда немесе жүргізуші болып жұмыс істесе,3 мың адам — дәрігер мен басқа да медицина қызметкерлері.  Құрылыс және өнеркәсіп сияқты қиын салаларда 65 жастан кейін де жұмыс істеп жатқан азаматтар баршылық. 

Бірақ мемлекеттік органдардағы басшылар мен әлеуметтік қамсыздандыру қызметкерлері, керісінше, кеміді: 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда 40,4%-ға азайды.

Былтыр елімізде 65 жастан асқан жоғары басшылар, заң шығарушылар мен мемлекеттік қызметшілер саны бар болғаны 58 адам болды. ҚР-да қартайған басшылардың жалпы саны 1,4 мыңнан сәл асады, 2019 жылмен салыстырғанда олардың саны 2,5 есе азайды.