Кеше 56 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 56 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

Төрт науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Өткен бір тәулікте коронавирус инфекциясына 56 адам шалдықты, коронавирус пневмониясы анықталған жоқ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

16 қаңтардағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирустан 2 159 адам (коронавирустан (КВИ+) –2 011, пневмониядан (КВИ-) – 148) емделіп жатыр. Оның ішінде 220 пациент стационарда, 1 939 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандар арасында 8 адамның жағдайы ауыр, 6 пациенттің жағдайы өте ауыр, 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.