Ирактың премьер-министріне шабуыл жасалды

Ирактың премьер-министріне шабуыл жасалды
Cурет: Ria.ru

Үкімет үйін дрон арқылы атқан

Қарашаның 7 күні Бағдадта дрон арқылы Ирак премьер-министрі Мұстафа әл-Қазымидің өміріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.
Үкімет басшысы Twitter-де оқиға жайлы жазып, өзінің зардап шекпегенін мәлімдеді.

«Менде бәрі жақсы, халықты Ирак үшін сабырлық пен ұстамдылыққа шақырамын. Сатқындардың зымыраны халықтың қауіпсіздігін сақтап жүрген біздің қаһарман қауіпсіздік күштерінің табандылығына төтеп бере алмайды»,-деп жазды ол.

Al Hadath телеарнасының мәліметінше, жарылыс кезінде премьер-министрдің күзет қызметінің 10 қызметкері зардап шеккен. Оған қоса, Бағдадтың жасыл аймағында орналасқан үкіметтің резиденциясына материалдық шығын келген. 

Алғашында үкімет резиденциясына шабуыл жасалғанын Al Ara телеарансы хабарлаған. Ирак әскерилері кейін бұл ақпаратты растады. 

«Әл-Қазыми зардап шеккен жоқ, ол дін аман. Қауіпсіздік қызметтері қажетті шараны жасап жатыр»,-делінген әскуерилер тьаратқан мәліметте. Оның алдында Al Arabiya телеарнасы премьер жеңіл жарақат алып, ауруханаға түскенін хабарлаған еді.

Ирак БАҚ-ның мәліметінше, үкімет басшысы қазір қауіпсіз жерде. Сондай-ақ қазір жасыл аймаққа өту орындарында қауіпсіздік шаралары күшейтілген.