Алдағы уақытта Артспорт бағдарламасының жұмысы қалай жанданады?

Алдағы уақытта Артспорт бағдарламасының жұмысы қалай жанданады?
Сурет: Arbat.media

Министр Артспорт бағдарламасының қалай жұмыс істейтінін айтты

Қазақстандық балалар Артспорт бағдарламасы аясында спортпен және шығармашылықпен тегін айналысып жатыр. Алдағы уақытта көрсетіліп жатқан қызметтердің сапасын арттырып, балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында кәсіпкерлерге қойылатын талаптарға өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz  Elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта бағдарлама платформасын Ұлттық білім беру деректер базасымен интеграциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

«Кейбір балалар үйірмелер мен спорттық секцияларға бармаса да, қызмет көрсетушілердің құжаттарында тіркеліп тұрады, олар өз кезегінде әр бала үшін мемлекеттен ақша алып отыр. Әрі сапа мәселесі де назардан тыс қалмауы керек. Балалар жаттығатын орындарға қойылатын талаптарды күшейтіп жатырмыз. Ол – ғимараттың санитарлық жағдайы, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау камералары, спорттық және басқа да қажетті жабдықтардың болуы. Мұның барлығы балалардың сапалы білім алуы үшін, қауіпсіздігі үшін жасалады. Спорт түріне байланысты жаттығуды қай жастан бастап жасауға болатыны да нақтыланады», - деді Дәурен Абаев.