Алматылықтарды үй құжаттарын заңдастырамын деп алдаған азамат ұсталды

Алматылықтарды үй құжаттарын заңдастырамын деп алдаған азамат ұсталды
Сурет: Build Portal

Ол өзін құрылыс компанияларының бірінің инженері ретінде көрсеткен.

Үйді қайта құруды заңдастырып беремін деп уәде берген азамат алматылықтарды алдаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мәселе 25 жастағы Я.есімді азамат жайында болып отыр.

«Іс жүзінде оған еш қатысы болмаса да, өзін құрылыс компанияларының бірінің инженері ретінде көрсетіп, азаматтардың сеніміне қиянат жасап, оларға тұрғын үйлерін қайта құруды заңдастыруға уәде берді. Бұл қызметі үшін ер адам «клиенттерден» 100 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін алған. Тергеудің осы кезеңінде осыған ұқсас үш эпизод анықталды. Бұл қылмыстық әрекеттің сериялық болуы да жоққа шығарылмайды, осыған байланысты Я.есімді азаматтың заңсыз әрекеттерінен зардап шеккендердің мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуларын сұраймыз: 8-707-447-07-50; 8-747-699-70-02 және 8-778-622-02-19», – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Полицияда күдіктінің әрекеттері ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша тергеумен сараланғанын атап өтті.