Кеше 175 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 175 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөзі

8 пациенттің жағдайы өте ауыр

Өткен тәулікте 175 адамнан коронавирус анықталды. Бұл туралы Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

27 желтоқсандағы мәлімет бойынша, 2563 адам коронавирус инфекциясынан (-2429 + және 134 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 326 пациент стационарда, 2237 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 9 адамның жағдайы ауыр,

• 8 пациенттің жағдайы өте ауыр,

• 3 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.