Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды

Кеше 114 адамнан коронавирус анықталды
Сурет: Ашық дереккөз

5 адамның жағдайы ауыр

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясы 114, коронавирус белгілері бар пневмония 9 адамнан анықталды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

9 ақпандағы мәлімет бойынша, қазір өңірлерде коронавирус инфекциясынан 1 595 адам (коронавирустан (КВИ+) – 1 435, пневмониядан (КВИ-) – 160) емделіп жатыр. Олардың ішінде 119 пациент стационарда, 1 476 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Вирус жұққандар арасында 5 адамның жағдайы ауыр.

8 ақпанда коронавирус пен пневмония 91 адамда тіркелген болатын.