Тамыз айында ауа райы қандай болады?

Тамыз айында ауа райы қандай болады?
v-leo.livejournal.com

Тамыз айының басында Қазақстан аумағының басым бөлігінде ыстық және көбінесе құрғақ ауа райы болжанады, тек шығыста, елдің оңтүстік-шығысындағы таулы және тау бөктеріндегі аудандарда найзағай мен қысқа мерзімді жаңбыр күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады, деп жазады almaty-akshamy.kz

«Еліміздің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында ауа температурасы түнде +20+25°С, күндіз +35+42°С, солтүстікте, орталықта және шығыста түнде +15+22°С, күндіз +30+37°С болады.

Ауа температурасының мұндай жоғары фоны басқа ауа массаларының ҚР аумағына орын ауыстыруына жол бермейтін бұғаттаушы антициклонның орнығуымен байланысты болады.

Бірақ бірінші онкүндіктің соңына қарай бұғаттаушы антициклон өз позицияларын тапсырады. Оның орнына Қазақстан аумағына циклон келеді және онымен бірге атмосфералық фронттар бірте-бірте ауысады.

Бұл өз кезегінде найзағай мен қысқа мерзімді жаңбырға әкеледі. Кейбір өңірлерде желдің күшеюі мүмкін. Сондай-ақ жылудың төмендеуі болжанады.

Республиканың оңтүстік жартысында ауа температурасы күндіз +25+30°С, солтүстік жартысында +20+27°С жетеді.

Айдың екінші онкүндігінде республиканың солтүстік жартысына суық ауа массалары түседі. Бұл ауа райының тұрақсыз сипатына әкеледі – жаңбыр жауады, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты, найзағай мен желдің күшеюі күтіледі. Солтүстік өңірлерде ауа температурасы күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқиды, ал оңтүстік өңірлерде ауа температурасының негізгі аясы +28+35°С болады. Ауа температурасы күндіз +23+28°С болатын оңтүстік өңірлерде қалыпты жылы ауа райы күтіледі, ал солтүстік өңірлерде ауа-райы күзгі сипатқа ие болады, күндіз ауа температурасы +17+22°С жетеді», - деп хабарлайды «Қазгидромет».