Келесі айда Отбасының цифрлық картасы жүзеге асырылады

Келесі айда Отбасының цифрлық картасы жүзеге асырылады
Сурет: Z-taraz.kz

Жаңа жүйе іске асырылады

Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Атап айтқанда, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Ішкі істер және Әділет министрліктерінің, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және облыстар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен Отбасының цифрлық картасын іске қосуға дайындық барысын талқылады.

Жиналыс қорытындысы бойынша 1 қыркүйектен бастап Отбасының цифрлық картасын жекелеген мемлекеттік кепілдік түрлері бойынша пилотты түрде жүзеге асыру туралы шешім қабылданды.

Отбасының цифрлық картасы – мемлекеттік кепілдіктер бойынша отбасының базасы. Ол әрбір отбасының құрамы мен әл-ауқат деңгейіне қарай мемлекеттік кепілдік түрлерін алу құқығын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.