Кедендерде кешенді тексеру жүргізіледі

Кедендерде кешенді тексеру жүргізіледі
Яндекс.Дзен

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет отырысында уәкілетті экономикалық операторлардың есептік жүйелеріне қол жеткізу үшін оларды көлденең мониторинг жүйесіне қосу жоспарланып отырғанын айтты, деп хабарлайды  Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Кедендік әкімшілердіруді жақсарту шеңберінде уәкілетті операторларға қойылатын талаптар күшейтіледі. Барлық уәкілетті экономикалық операторлардың есептік жүйелеріне қол жеткізу үшін олар көлденең мониторинг жүйесіне қосылатын болады. Жалпы, кеден саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілікті қатаңдату бойынша шаралар қабылданады. Жақында мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, мемлекеттік шекарадағы тәртіпті қамтамасыз ету үшін кешенді тексеру жүргізіледі», - деді министр.

Ведомство басшысының сөзіне қарағанда, кейінгі бес жылда Қытай Халық Республикасымен айқын статистика бойынша алшақтықтар 60 пайыздан 40,4 пайызға дейін төмендеген.

«Қытай Халық Республикасымен және басқа да елдермен кедендік статистиканың алшақтықтарын қысқарту бойынша жұмыс жалғастырылады», - деді Ерұлан Жамаубаев.