«ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті

«ҚазАзот» кәсіпорнында цех шатыры опырылып түсті
Сурет: Inform.kz

Екі аптада өңірде аномальды температура болды

Ақтауда «ҚазАзот» кәсіпорнындағы күрделі минералды тыңайтқыштар өндіру цехының шатыры ортасына опырылып құлады. Бұл туралы кәсіпорынның баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Оқиға 24 шілде күні сағат 05:20 шамасында болды. Ғимарат шатырының ішінара опырылуы қолайсыз метеожағдайлар салдарынан орын алған. Өйткені соңғы екі аптада өңірде аномальды температура болды. Сондай-ақ оқиға болған күні найзағай ойнап, нөсер жауын жауған еді. Технологиялық жабдықтар зардап шеккен жоқ. Оқиға орнын «Жалын» Өрт сөндіруші» ЖШС-ның авариялық-құтқару қызметі тексерді. Аймақ қоршалды. Кәсіпорын қызметкерлері мен халықтың денсаулығына қауіп жоқ», - делінген ақпаратта. 

Оқиға орын алған аймақ толықтай қоршалған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.