Жақсы өмір сүру – өз қолымызда! 

Жақсы өмір сүру – өз қолымызда! 
Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бахнұр ЗИЯБЕКОВ, «Alpha Academy» білім орталығының жетекшісі: 
 
«Alpha Academy» білім орталығының жетекшісі Бахнұр Зиябеков сайлауға қатысып, өз таңдауын жасау – кез келген азаматтың борышы, парызы деп біледі. 
«Бізге осындай алаң ұйымдастырып, мүмкіндік беріп отырғанда, неге дауыс бермеске? Биылғы өзгешелік – жаңа партиялар, жаңа кандидаттар додаға түсіп жатыр. Өзім білім саласының өкілі болғандықтан, кандидаттардың бағдарламасындағы адами капиталды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, тың жобаларды қолға алу сынды бағыттарға көбірек мән беріп, сол бағытта жұмыс істеймін деген үміткерлерге дауыс бердім. Егер жақсы өмір сүргіміз келсе, ол өз қолымызда. Сондықтан дауыс беру науқанына немқұрайды қарамайық дегім келеді», – дейді Бахнұр Зиябеков.