Дмитрий Петрухин: Әркім өз жолын өзі таңдайды

Дмитрий Петрухин:  Әркім өз жолын өзі таңдайды
Сурет: Сайлау 2023 ТГ

Байкер 170 мемлекетте болған. 

Қазақстандық саяхатшы сайлау учаскесіне көк байрақ ілінген мотоциклімен келді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Дүниежүзін аралап жүрген байкер-саяхатшы дұрыс жолды таңдаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы біледі. Ол өзінің екі дөңгелекті темір тұлпарымен әлемді аралап шыққан, 400 мың километр жол жүріп, 170 мемлекетте болған. 

«Сайлау күні – бұл ары қарай бағытыңды анықтап алатын жолайрық іспеттес. Дәл осы жерде алда қандай қалтарыстар, бұрылыстар барын, рульді кім басқаратынын анықтап алу қажет. Бұл - әрбір азамат үшін, жалпы мемлекет үшін өте маңызды шешім. Міне, дәл осындай шешімдерден біздің өміріміздің картасы құрылады», - дейді Қазақстанның бас байкері.