Халықаралық сарапшы алматылықтардың сайлауға жауапкершілікпен келгенін айтты

Халықаралық сарапшы алматылықтардың сайлауға жауапкершілікпен келгенін айтты
Cурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Халықаралық байқаушылар дауыс беру барысын бақылауды жалғастыруда. Бұл туралы сайлау барысынан хабар тарату жөніндегі баспасөз орталығының алаңында ресейлік сарапшылар айтты. 

Алматылықтардың сайлаудағы белсенділігін Свердлов облысының Заң шығарушы жиналысының депутаты, Ресей Федерациясының Свердлов облысының Заң шығарушы жиналысының өңірлік саясат және жергілікті өзін өзі басқаруды дамыту  комитетінің төрағасы Михаил Зубарев атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Бақылау институты сайлау процесін заңдылықты қамтамасыз ететін ең маңызды институт болып табылады. Біздің топ Алматы қаласының әртүрлі аудандарында, яғни Алатау, Медеу және Әуезов аудандарында 18 нысанды аралады. Осы сайлау учаскелерінде тұрғындардың дауыс беруге дайындығы мен өткізілуінің жоғары деңгейін байқадық. Сайлауға ұлттық байқаушылардың да қызығушылық танытып отырғаны қуантады. Әрбір жеке учаскеде оннан астам ұлттық бақылаушылар бар», - деді спикер.

Шетелдік сарапшылардың айтуынша, сайлау учаскелерінде азаматтардың дауыс беруіне кедергі болатын заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сөзін қорытындылай келе, спикер мүмкіндікті пайдаланып, ел халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтады.

Еске сала кетейік, Алматыда 602 сайлау учаскесі бар. 1,2 миллионнан астам сайлаушыға дауыс беру уақыты, орны және сайлау учаскелерінің мекенжайлары көрсетілген шақыру қағаздары берілді.