Қазан айында ел тұрғындары он күн демалады

Қазан айында ел тұрғындары он күн демалады
Сурет: Life09.kz

Бүгін, 1 қазанда екі мереке аталып өтуде – Халықаралық қарттар күні және Радио қызметкерлері күні.

Биыл Оқу-ағарту министрлігі 5 қазанды Ұстаздар күні етіп бекітті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Еске салайық, 1 қазан және 5 қазандағы мерекелерде демалыс жарияланбайды.

Еліміздің басты мерекелерінің бірі – 25 қазан Республика күні. Биыл айтулы мереке жұмыс күніне түсіп тұр. Сондықтан қазақстандықтар сәрсенбі күні демалады.

Республика күні өткен жылы мерекелер тізіміне қайта енгізіліп, ұлттық мейрам дәрежесі берілген еді.

Сонымен қазанда айында қазақстандықтар барлығы 10 күн демалады. Күнтізбеге сәйкес 9 күн демалыс және 1 күн мереке.