Әлемде жасы 60-тан асқан адамдар саны 700 миллионға жуықтады

Әлемде жасы 60-тан асқан адамдар саны 700 миллионға жуықтады
Сурет: Arise.mx

Әлем халқының қартаю проблемаларын шешу, қарттардың денсаулығын, әлеуметтік және экономикалық жағдайларын жақсарту және осы мәселе бойынша хабардарлықты арттыру мақсатында жыл сайын 1 қазанда Халықаралық қарттар күні атап өтіледі. БҰҰ Бас Ассамблеясы осы мәселеге назар аудару мақсатында  1990 жылдың желтоқсанында тиісті қарар қабылдады.

2023 жылғы Дүниежүзілік әлеуметтік баяндамаға сәйкес, планета халқының саны бойынша егде жастағы адамдардың үлесі өсіп келе жатқанын көрсетеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Aa.com.tr сайты ұсынған деректерге сүйеніп. 

Болжам бойынша, әлемде 65 және одан асқан адамдардың саны екі есеге дейін артады — 2021 жылғы 761 млн.адамнан 2050 жылы 1,6 млрд. адамға дейін. 80 жастан асқан адамдардың саны одан да тез өседі.

Қазіргі уақытта әлемде 60 жастан асқан 700 миллионға жуық адам бар. 2050 жылға қарай 60 жастан асқан адамдардың саны екі миллиардқа жетіп, әлем халқының 20 пайызынан астамын құрайды.

Дамушы елдерде қарттар саны өте жылдам дамиды. Азия егде жастағы адамдардың ең көп саны бар аймаққа айналады, ал Африкада барлық жас топтарындағы халықтың пропорционалды өсуі болады.

2021 жылы Солтүстік Африка мен Батыс Азия аймақтарында 65 жастан асқан 30 миллион адам өмір сүрді. Бұл сан 2050 жылы 98 миллионға дейін өседі деп болжануда. Сахараның оңтүстігіндегі Африка елдерінде егде жастағы халық саны 2021 жылғы 35 миллионнан 2050 жылы 100 миллионға дейін өседі деп күтілуде.

Шығыс Азия мен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы егде жастағы халықтың саны 2050 жылы 598 млн-ға жетеді, 2021 жылы бұл көрсеткіш 293 млн болған еді.

Еуропа мен Солтүстік Америка елдері бүгінгі күні қарт адамдар саны ең көп аймақтардың қатарына кіреді. 2021 жылы 65 жастан асқан халық саны 208 млн деңгейінде тіркелді. 2050 жылға қарай бұл сан 303 млн-ға дейін жетеді деп күтілуде.

БҰҰ баяндамасында білім деңгейі мен денсаулық сақтауға қолжетімділік адамдардың өмір сүру ұзақтығына және егде жастағы денсаулығына әсер ететіні атап өтілген. Табыс теңсіздігі мен еңбек жағдайының болмауы да егде жастағы адамдардың өмір сүру деңгейіне әсер етеді.