Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Сурет: Spb.kp.ru

Жамбыл облысының таулы аймақтарында 3 градус үсік жүреді.

«Қазгидромет» мамандарының болжамы бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Республиканың батысында, оңтүстік-шығысында және шығысында жел күшейеді, шығыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында тұман күтіледі.

Түнде Жамбыл облысының таулы аймақтарында 3 градус үсік жүреді.