Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады

Қазақстанның басым бөлігінде аяз болады
Сурет: Ngs.ru

Еліміздің оңтүстігінде көктайғақ болады. 

«Қазгидромет» мамандары 6-8 желтоқсан күндері ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Қазақстанның басым бөлігі алдағы үш тәулікте жоғары қысым алқабының ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Атмосфералық фронттардың әсерінен тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында қар, тұман, оңтүстігінде көктайғақ болады»,- делінген синоптиктердің хабарламасында. 

Температуралық фонда күрт өзгерістер болмайды. 6 желтоқсаннан 7 желтоқсанға қараған түні Қарағандыда,7 желтоқсаннан 8 желтоқсанға қараған түні Шығыс Қазақстан облыстарында 35 градус аязға дейін болады деп болжанып отыр.