Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады – "Қазгидромет"

Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады – "Қазгидромет"
Сурет: Ашық дереккөз

Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон ел ауа райын ықпал етеді

Бүгін Қазақстанның барлық аймағында ауа райы бұзылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Қара теңіз аудандарынан белсенді циклон ел ауа райын ықпал ететін болады – жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта қарға ауысатын жаңбыр күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстікте шаңды дауыл, найзағай, батыста, орталықта найзағай, бұршақ күтіледі.

Ақмола облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Қостанай облысының орталығында, оңтүстігінде, шығысында, күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, Атырау облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жауады», - деп жазды синоптиктер.