Б. Сағынтаев: Қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі, бірақ бақылауда

Б. Сағынтаев:  Қалада эпидемиологиялық ахуал күрделі, бірақ бақылауда almaty-akshamy.kz

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-дағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлап, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz.



КВИ бойынша эпидемиологиялық ахуал соңғы аптада айтарлықтай нашарлады. 23 шілдеден бастап КВИ-ді күнделікті тіркеу 1 мың жағдайдан асты. Егер 23 шілдеде 1 080 жағдай тіркелсе, 27 шілдеде тіркелгені – 1 250. Жыл басынан бері КВИ жағдайларының жалпы саны 75153 болса, ал шілденің басынан бері 16911 жағдайға жетті. 



Апта ішінде науқастар саны 1,2 есеге өсті – 5483 жағдайдан 6818-ге дейін, тәуліктік өсім 1,3%-ды құрады. Симптомды науқастардың үлес салмағы баяулап, 90% деңгейінде қалды. Осылайша, шілдеде базалық сценарий бойынша болжанған 27,5 мың жағдай тіркеліп эпидемиологиялық жағдай расталды.



Алматы қаласының тұрғындарын вакциналаумен қамту 27 шілдедегі жағдай бойынша I компонентті алғандар 49,9%, II компонентті алғандар – халықтың ресми саны бойынша 33,6%-ды құрады. Алайда, бұл COVID-19 «дельта» нұсқасынан туындаған эпидемияның кезекті толқынын тұрақтандыру үшін әлі де жеткіліксіз.



Сонымен қатар, соңғы 2 аптадағы жас құрамыны талдау мынаны көрсетеді, 1 жасқа дейінгі балалар дертінің өсуі жалғасуда – 0,3%, 2,8% құрайды. Өткен аптада 135 бала дертке шалдықса қазір олардың саны - 178 балаға артты. КВИ дерті 20-дан 40 жасқа дейінгі азаматтар арасында – 38%, 40-59 жаста – 25% және 60 жастан асқан адамдарда - 20%-ға басым.



Осыған орай, Б. Сағынтаев алматылықтар мен қала қонақтарын КВИ-ге қарсы екпе алып, сақтық пен жауапкершілік танытуға шақырды. Тек екпе алу арқылы ғана өміріміз бен денсаулығымызды сақтай аламыз. Ең бастысы, вакциналанған қалалықтар өздерінің жақындары мен айналасындағылардың – достарының, әріптестері мен таныстарының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:31

17:45

17:16

16:24

16:10

15:40

15:15

14:50

13:46

13:15

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42