Қазақстанның 17 ұстазы миллионер атанды

Қазақстанның 17 ұстазы миллионер атанды
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен білім берудегі айрықша жетістіктері мен саланың дамуына қосқан үлесі үшін еліміздің 17 педагогіне «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағы берілді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес Министрліктің бұйрығымен марапатталған педагогтерге 1000 АЕК көлемінде біржолғы төлемақы берілді.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы биылғы жылдың 5 қазанында өткен педагогтердің бірінші республикалық съезінде ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаған болатын. Оған 700-ге жуық білім беру қызметкерлері қатысты.