Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі

Бүгін Қазақстан құрамасы Финляндиямен кездеседі
Сурет: Kff.kz

Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.

Бүгін Хельсинкиде Қазақстан құрамасы футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу матчында Финляндиямен кездеседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

Финляндия – Қазақстан матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен сағат 22:00-де басталады. 

Ойынды Qazsport телеарнасынан көруге болады.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан құрамасы 12 ұпаймен Н тобында төртінші орында келеді.