Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет мексикалықты нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет мексикалықты нокаутқа түсірді
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (7-0, 5 КО) кәсіби рингте сегізінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ол Мехико қаласында (Мексика) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, онда жергілікті боксшы Лучано Араухомен (6-5-3, 3 КО) кездесті. Жекпе-жек супер орта салмақта өтіп, сегіз раундқа жоспарланған болатын. Бұл жекпе-жекте Нұрмағанбет екінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Осылайша, Бек Нұрмағанбет кәсіпқой бокстағы сегізінші жекпе-жегін де абыроймен аяқтады, ал Лучано Араухо мансабында алтыншы рет жеңіліске ұшырады.

Нұрмағанбет өткен жылы WBA International тұжырымы бойынша супер орта салмақтағы титулды жеңіп алғанын болатын. 24 жастағы қазақстандық кәсіби деңгейде 2020 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.