Қазақстанда жер сілкінісі туралы фильм көрсетіліп жатыр

Қазақстанда жер сілкінісі туралы фильм көрсетіліп жатыр
Сурет:«Безопасное завтра» фильмінен скриншот

Деректі фильмді Президенттің телерадиокешені дайындаған.

"Безопасное завтра" фильмінде жер сілкінісі қаупі төніп тұрған елдер және Қазақстанның да бұл тізімге енгені туралы айтылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Сонымен қатар фильмде қазақстандықтардың төтенше жағдайларға дайындығы туралы сөз болады.

"Жыл сайын жер шарында бірнеше жүз мың жер сілкінісі болады. Оның жүзге жуығы жойқын, адамдардың өмірін қиып, бүкіл мегаполисті қиратып әкете алады. Біздің еліміз сейсмикалық тұрақсыз мемлекеттер тізімінде. Түркиядағы жойқын жер сілкінісін көріп, "Қазақстан мұндай апатқа дайын ба?" деген ой келеді ", - делінген фильмнің хабарламасында.