Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны өсіп жатыр  

Қазақстанда жеке кәсіпкерлер саны өсіп жатыр  
almaty-akshamy.kz

Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық бюросының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың қаңтар айында жеке кәсіпкерлер саны 15,3 мыңға өскен.

Қазақстанда жеке кәсіпкерлердің жалпы саны 1 582 604 субъектіні құрайды.

Ең көп өсім үлкен үш мегаполисте өскен:

  • Алматыда (+5,8 мың),
  • Астанада (+3,0 мың),
  • Шымкентте (+2,8 мың) байқалады.

Салалар бойынша қаңтарда жеке кәсіпкерлердің ең көп өсімі көлік (+8,2 мың), жылжымайтын мүлік (+4,6 мың) және сауда (+2,2 мың) салаларында болды.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап заңсыз кәсіпкерлікпен күресу үшін азаматтардың мобильді аударымдарын тексеру туралы норма қабылданғалы кейбір шағын кәсіпкерлік субъектілерінің көлеңкеден шығуының маңызды факторына айналды деп болжауға болады.