Қазақстанда соңғы тәулікте үш адам COVID-19 жұқтырды

Қазақстанда соңғы тәулікте үш адам COVID-19 жұқтырды
Сурет: Gtrk-vyatka.ru

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 551 адамға жетті.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 3 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметінше, Алматы қаласында екі адам және Алматы облысында бір адам коронавирусқа шалдыққан.