Қазақстанда рұқсатсыз салынған баспана көп

Қазақстанда рұқсатсыз салынған баспана көп
Сурет: Sputnik.kz

 Осыдан екі жыл бұрын тұрғызылған көпқабатты үйлердің 70 пайызында рұқсат құжаты болмаған.

Құрылыс компаниялары екі пәтердің бірін үлескерлерге заңсыз сатыпты. Мұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі анықтады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Бұл үй бағасына да әсер етіп отыр. Соңғы үш жылда жаңа пәтердің бағасы 48,5 пайызға қымбаттаған. Яғни бұрын баспананың бір шаршы метрі 290 мың теңге болса, қазір 430 мың теңгеге жетті.