Қазақстанда «Quryltai» мобильді қосымшасы іске қосылды

Қазақстанда «Quryltai» мобильді қосымшасы іске қосылды
Сурет: Gov.kz

Қоғамдық-саяси маңызды ұсыныстарды қабылдайды.

Қосымша Мемлекет басшысының қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау тапсырмасына сай жасалған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап.

Мобильді қосымшаға келіп түскен қоғамдық-саяси маңызды ұсыныстар мемлекеттік стратегиялық жұмыстарды жоспарлауға және Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын сапалы іске асыруға мүмкіндік береді.

Қосымшаға түскен ұсыныстар халықтың дауыс беруіне шығарылады және ең көп дауыс жинаған ұсыныстар Ұлттық құрылтайдың алдағы отырыстарының күн тәртібіне енгізіледі.

Сондай-ақ ең маңызды ұсыныстар азаматтық қоғам мен сарапшылардың қатысуымен «Хабар» телеарнасында ұйымдастырылатын «Ұлттық құрылтай» циклында талқыланады.