Қазақстанда орташа жалақы өсті

Қазақстанда орташа жалақы өсті
Сурет: Ашық дереккөзі

2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%-ға өсті

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2022 жылдың екінші тоқсанында орташа номиналды жалақы 312 011 теңгеге жетті, деп хабарлайды Almaty- akshamy.kz.

«2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда өсім 24%, нақты мәнде – 8,9% болды»,-делінген хабарламада.

Бұл ретте, жалақының медианалық мәні (еңбекақы диапазонының орталық деңгейі) бағалаулар бойынша 2022 жылдың екінші тоқсанында 196 728 теңге болды.

Медиандық жалақы 2021 жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 17,1%, нақты мәнде 2,8% өсті.
Медиандық жалақы – жұмыстың барлық санын екі тең бөлікке бөлетін шама: 50% осы мәннен төмен төленеді және 50% жоғары төленеді.