Қазақстанда мал ұрлығы 20 пайызға азайған

Қазақстанда мал ұрлығы 20 пайызға азайған
Сурет: Inform.kz

Мал ұрлығымен айналысқандардың басым көпшілігі - жұмыссыздар.

Биыл қаңтар-қараша айлары аралығында елімізде мал ұрлығы бойынша 1,7 мың жағдай тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 19,6 пайызға аз. Былтыр осы кезеңінде 2,1 мың факті анықталған еді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Energyprom.kz  сілтеме жасап.

Өңірлер арасында мал ұрлығы бойынша Алматы (325 ұрлық фактісі) көш бастап тұр. Келесі кезекте мұндай құқықбұзушылықтар Түркістан (232 факті) және Батыс Қазақстан (161 факті) облыстары ауамғында тіркелген.

«Energyprom.kz» мәліметіне сәйкес, жалпы, биылғы мал ұрлығы қалмыстарын 737 адам жасаған. Бұл ретте өткен жылға қарағанда 17 пайызға төмендеу байқалады.

Мал ұрлығымен айналысқандардың басым көпшілігі, яғни 591 адам - жұмыссыздар. Сонымен қоса, биыл 70 тұрақты қызметі бар азамат, 9 жеке кәсіпкер, 9 оқушы мен 1 мемлекеттік қызметші ұрлыққа түскен.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейін елде ірі қара 8,8 млн бас болды, бұл бір жыл бұрынғыдан 4,7%-ға көп.

Жылқы (3,7 млн бас, плюс 11,9%), түйе (263,6 мың бас, плюс 8,7%) және қой (20,3 млн бас, плюс 4,3%) басыда да өсті.

Шошқа саны (11,6%-ға, 828 мың басқа), құс (2,1%-ға, 49,3 млн басқа) және ешкі (1%-ға, 2,4 млн басқа) азайған.