Қазақстанда ылғалды көп қажет ететін дақылдарды өсіру қысқартылуы мүмкін

Қазақстанда ылғалды көп қажет ететін дақылдарды өсіру қысқартылуы мүмкін
Сурет: Inform.kz

Бұл туралы Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязов Орталық коммуникациялар алаңында өткен брифингте  мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 

«Жоспарда мақта, күріш, пияз сияқты ылғалды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту, Түркістан және Қызылорда облыстарындағы дақылдар егуге арналмаған жерлерде күріш егуге жол бермеу, сондай-ақ АШМ мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы Меморандумға сәйкес, күріш алқаптарының алаңдарын азайту жөніндегі шаралар көзделген», – деді вице-министр.

Оның айтуынша, оңтүстік өңірлердің әкімдіктерінен су аз болған жағдайда вегетация жүргізу үшін шаралар қабылдау бойынша ұсыныстар сұралды.

Сонымен қатар өз сөзінде спикер өзен бассейндері бойынша су жинау көлемін айтты.

«Қазіргі уақытта су қоймалары жоспарлы кестелерге сәйкес жұмыс істейді. Жалпы, су тасқыны қаупі бар бассейндерде қар жинау процесі наурызға дейін жалғасады және көктемгі кезеңге арналған негізгі гидрологиялық болжам 2022 жылғы 1 наурызда ұсынылады.Су тораптары арқылы тасқын суларды апатсыз өткізуді пайдалану ережелеріне және негізгі гидрологиялық болжамға сәйкес және ТЖМ жергілікті атқарушы органдарымен және қызметтерімен үйлестіре отырып қамтамасыз етілетін болады», – деді  С. Қожаниязов.