Қазақстанда доллар бағамы өсті

Қазақстанда доллар бағамы өсті
Сурет: Rbc.ru

7,37 теңгеге қымбаттады. 

Қор нарығында доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

Күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 7,37 теңгеге көтеріліп, 432,78 теңгеге тең болды. Айта кетейік, доллардың 2 маусымдағы ресми бағамы - 424,62 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, дәл қазір Алматының ақша айырбастау орындарында долларды сатып алу бағамы - 429,79 теңге, сату - 437,33 теңге. Нұр-Сұлтанның ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 433,68 теңгеден сатып алынып, 436,20 теңгеден сатылып жатыр.