Қазақстанда баспана қымбаттады

Қазақстанда баспана қымбаттады
Сурет: Liter.kz

Бір жылда 27,7% өскен.

Ұлттық статистика бюросы Қазақстанда өткен жылдарда қайталама тұрғын үй бағасы 27,7%-ға өскенін жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 

«Бір жылда қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы (2022 жылдың сәуірінен 2021 жылдың сәуіріне дейін) 27,7%-ға, жаңа тұрғын үйді сату 20,3%-ға өсті», делінген статистика бюросы таратқан хабарламада.

Биыл сәуірде жайлы тұрғын үйді жалға алу ақысы да былтырғы сәйкес аймен салыстырғанда 22,2%-ға өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, тұрғын үй нарығында бағаның өсуі бесінші жыл қатарынан байқалып отыр. Бағаның төмендеуі тек 2016 жылы болды. Сол жылы нарықта жаңа тұрғын үй бағасы 3,6%-ға, 2017 жылы қайталама нарықтағы шаршы метрдің бағасы 1,6%-ға арзандады.

Бір айда сәуірден наурызға дейін пәтерлерді қайта сату бағасы 1,8%-ға өсіп, қайталама нарықта тұрғын үйдің шаршы метрі 459 137 теңге болды.

Жаңа тұрғын үйді сату және жайлы тұрғын үйді жалға алу бағасы 2022 жылғы сәуірде өткен аймен салыстырғанда 0,8%-ға өсіп, тиісінше бір шаршы метр үшін 412 315 теңге болды.