Қытайда өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілді

Қытайда өтуі тиіс 2022 жылғы Жазғы Азия ойындары белгісіз мерзімге шегерілді Сурет: Egemen.kz

Биылғы жылдың 10-25 қыркүйегі аралығында Ханчжоу қаласында (Қытай) өтуі тиіс жазғы Азия кейінге шегерілді


Бұл туралы Азия Олимпиадалық Кеңесінің сайтында жарияланды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


«Қытайдың Олимпиада комитетімен Ханчжоудағы Азия ойындарын ұйымдастыру комитетімен OCA Атқарушы кеңесі бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында өтетін 12022 жылғы 10-25 қыркүйек аралығына жоспарланған XIX Азия ойындары кейінге шегерілді. Ойынды өткізудің жаңа күні таяу уақытта жарияланады.


Ханчжоудағы Азия ойындарының Ұйымдастыру комитеті жаһандық проблемаларға қарамастан ойындарды өткізуге жақсы дайындалды. Алайда, жоғарыда аталған шешімді барлық мүдделі тараптар пандемия жағдайы мен ойын ауқымын мұқият қарастырғаннан кейін қабылдады.


ХІХ Азия ойындарының атауы мен эмблемасы өзгеріссіз қалады және АОК бірлескен күш жігердің арқасында Ойындар сәтті өтеді деп санайды», - делінген Азия Олимпиадалық Кеңесінің хабарламасында.


ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Ханчжоуда өтетін XIX Азия ойындарында 61 дисциплинадан тұратын 40 спорт түрі ұсынылады. Ойындарда 482 алтын медаль сарапқа салынады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:40

12:07

11:45

11:05

10:49

10:45

10:37

10:27

10:14

10:10

17:54

17:50

16:40

16:12

15:42

15:30

14:52

14:10

13:26

13:13

12:59

12:46

12:07

11:55

11:30