Қазақстанда әуе тасымалы қызметі қымбаттады

Қазақстанда әуе тасымалы қызметі қымбаттады
Сурет: Ашық дереккөз

І тоқсанда әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды

2023 жылғы наурыз айымен салыстырғанда сәуірде әуе билеттерінің құны 17,7%-ға қымбаттаған. Бұл мәліметті Ұлттық статистика бюросы ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге көбейді.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, онда І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған, одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың жолаушы, үшінші танымал бағыт Шымкент қаласы – 268 мың жолаушы.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, биылғы І тоқсанда әуе көлігімен 2,7 млн жолаушы тасымалданды.

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2002 жылғы тиісті кезең көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Осылайша, жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есеге өсіп, 5 513,6 млн п-км құрады.