Қазақстан ЖОО дипломы барлық елде мойындалған - министр

Қазақстан ЖОО дипломы барлық елде мойындалған - министр
Сурет: Stan.kz

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ресейлік жоғары оқу орындарымен арада болып жатқан келіссөздер туралы айтты.

Оның айтуынша, жалпы Қазақстан түрлі елдердегі бірқатар жоғары оқу орындарымен келіссөздер қарастырады. Сонымен қатар, Мәскеу инженерлік-физикалық институты, Н.Э.Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университеті, И.М.Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті өкілдерімен келіссөздер жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

«Себебі университеттер өздерінің ұйымдастыру мәселелерін шешіп алуы керек. Бұл жағдайда ЖОО құрамында олардың филиалдарын ашу мәселесі қарастырылып отыр. МИФИ өз кезегінде ҚазҰУ-мен келіссөз жүргізіп жатыр», - деді министр Мәжілісте тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, осындай форматта студенттер екі диплом ала алады.

«Онда әртүрлі тректер болады. Осы жағдайда олар біздің жоғары оқу орындарымен жұмыс істеген кезде екі дипломды алу мүмкіндігі пысықталып жатыр. Қазіргі кезде бізде екі жүзден астам білім беру бағдарламасы бар», - деді А. Аймағамбетов.

«Қазақстан дипломдары барлық елде мойындалған. Елімізде бакалавриат алып, Еуропаға, Ұлыбританияға магистратураға оқуға баруға болады», - деді ведомство басшысы.