Қазақстан телеарналары «Алтын достық» фильмін көрсетеді

Қазақстан телеарналары «Алтын достық» фильмін көрсетеді
сурет: Аkorda.kz

Президенттің Қытайға сапары туралы фильм бүгін телеарналардан көрсетіледі.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 17-19 мамырда Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары туралы деректі фильм түсірілді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.

Мемлекет басшысы Сиань қаласында Қытай басшысы Си Цзиньпинмен келіссөздер жүргізіп, оның барысында стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту, сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қаралды.

Қытайда Қазақстан Президенті «Орталық Азия-Қытай» саммитіне де қатысты.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындысын Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешенінің «Алтын достық» атты жаңа деректі фильмінен көруге болады. Телетуынды бүгін телеарналардан көпшілік назарына ұсынылады.