«Қазақстан» шахтасындағы өртті халықаралық сарапшылар тергейді

«Қазақстан» шахтасындағы өртті халықаралық сарапшылар тергейді
Сурет: интернеттен

Барлығы жеті сараптама тағайындалған.

«Қазақстан» шахтасындағы өртті тергеуге халықаралық сарапшылар тартылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

«АрселорМиттал Теміртау» көмір департаментінің «Қазақстан» шахтасындағы апатты тергеу аясында бірқатар сараптама тағайындалды. Оларды қазақстандық және халықаралық ұйымдар жүргізеді.

Барлығы жеті сараптама тағайындалған. «Горняк» оқшаулағыш өзін-өзі құтқарушыларының жұмысы, кеніш атмосферасын бақылаудың автоматты жүйесі, өрт-техникалық сияқты өрт шыққан конвейердің таспа төсемі бойынша қорытынды алу қажет. Қазақстандық сарапшылар жақын арада жұмысқа кіріседі. Сондай-ақ Ресей мен Германиядан мамандар келеді.