«Қазақстан кітапханасына» алданып қалмаңыз!

«Қазақстан кітапханасына» алданып қалмаңыз!
Сурет: Stopfake.kz

Instagram әлеуметтік желісінде «Қазақстан кітапханасына» жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру тарады.

Қазақстандықтарға фейк бос жұмыс орындары ұсынылуда, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz

Кітаптарды қайта басып шыққаны үшін күніне тоғыз мың теңгеден және одан артық төлейді екен.

Stopfake.kz-тің мәліметінше, бұл алаяқтық.

Мәтін терушілерді қашықтан жұмысқа қабылдау туралы осындай хабарлама 2023 жылдың басында Қазнетте тараған болатын. Видеодағы әдемі келіншек қолайлы жағдайлар мен көп табыс табуға болатыны туралы айтқан. Шын мәнінде ол күмәнді құрылыс жобаларына ақша салуға, белгісіз жерлерге жұмысқа орналасу шақырған актриса болып шықты.

Бір қызығы, сол кезде де, қазір де «Қазақстан кітапханасы» ұйымы жұмыс ұсынып отыр. Елімізде мұндай кітапхана жоқ. Яғни, онда жұмысқа орналасу мүмкін емес.

Сонымен қатар, фейк бос жұмыс орындарын ұсыну схемалары бұрыннан бар, олар желіде жақсы сипатталған. Әдетте, алаяқтар «өтініш берушіден» бірнеше тапсырманы орындауды және көрсетілген шотқа «кепіл» ретінде аз мөлшерде ақша аударуды сұрайды. Бұл жай формальдылық, оны төлегеннен кейін теріп шыққан мәтіндер үшін қаламақы бірден төленеді деп сендіреді. Ал «кепіл» төленгеннен кейін алаяқтар жәбірленушімен байланысты тоқтатады және «мансап» басталмай тұрып аяқталады.

Мұның бәрі мәтін терушілерді жұмысқа қабылдау туралы хабарландыру жалған екенін және оған сенуге болмайтынын көрсетеді. Бұл желідегі кибер алаяқтардың ісі.