Қазақстан футбол федерациясы 20 қала мен 50 ауылда жаңа алаң салмақшы

Қазақстан футбол федерациясы 20 қала мен 50 ауылда жаңа алаң салмақшы
Сурет: Ашық дереккөз

Балалар футболын дамытуға арналған бағдарлама

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиномен өткен баспасөз конференциясында бұқаралық футболды дамыту бағытындағы жоспарын ортаға салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Біздің негізгі міндет – футболды сапалы және қолжетімді ету. Осы тұрғыдан алсақ, бұқаралық футболды дамыту үшін бар күшімізді салып жатырмыз. FIFA-мен үлкен-үлкен үш бағытты дамытуға келістік. Балалар футболын дамытуға арнайы бағдарлама жасап жатырмыз», - деді федерация басшысы.

Сондай-ақ, ол футбол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жоспарларға тоқталды.

«Бұйырса, алдымызда 20 қалада футбол алаңын салсақ, содан кейін ауылдарға көшеміз. «Ауылдағы футбол» бағдарламасы бойынша 50 ауылда ойын алаңын салып берсек деп отырмыз. Бұқаралық футболды көтеруге қажет ең басты дүние сол деп сенемін», - деді Қазақстан футбол федерациясының президенті.