«Қазақстан барысы» турнирінде кімдер бақ сынайды

«Қазақстан барысы» турнирінде кімдер бақ сынайды
Сурет: ашық дереккөз

2 шілде күні елордада «Қазақстан барысы» республикалық турнирі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«2 шілде күні «Барыс Арена» спорт сарайында сағат 12.00-де басталады. Турнирге еліміздің әр өңірінен 41 палуан қатысады. Олардың қатарында Руслан Әбдіразақов, Нұрдәулет Жарылғапов, Ерасыл Қажыбаев, Ғалымжан Қырықбай, Мақсат Исағабылов және тағы басқа танымал палуандар қатысады деп жоспарланған. Айтулы аламан доданың билеттерін zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады», - деді Астана қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Еркеғали Кәрбозов қалалық орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, айтулы жарысқа өңірлерде іріктеу кезеңдерінен өтіп, финалға жолдама алған мықтылар қатысады. Әр өңірден абсолютті салмақ дәрежесіндегі екі спортшыдан өнер көрсетеді, -деп жазды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, «Қазақстан барысы» республикалық турнирі қазақ күресін дамыту мақсатында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

 Биыл Астана күні бір айы бойы тойланбақ, мереке аясында 100-ден астам мәдени, спорттық және танымдық іс-шара өтеді деп жоспарланып отыр.