Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатының финалына шықты

Қазақстан әйелдер күресінен әлем чемпионатының финалына шықты
Сурет: Olympic.kz

Әйелдер күресінен ӘЧ: Жамиля Бақбергенова алтын медаль үшін таласады.

Ол 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түседі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Жартылай финалда Бақбергенова Александра Анхелді (Румыния) сенімді түрде жеңді.

Шешуші жекпе-жекте қазақстандық спортшы АҚШ-тың Амит Элормен кездеседі.