«Қазақфильм» мемлекеттік бюджеттен 3,8 млрд теңге сұрады

«Қазақфильм» мемлекеттік бюджеттен 3,8 млрд теңге сұрады
Сурет: Kaztag.kz

Негіздеме бойынша, қаражат киностудияны жаңғыртуға кететін шығын қажеттілігіне байланысты сұралған.

2022 жылға арналған мемлекеттік бюджеттен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ жарғылық капиталын ұлғайтуға 3,8 млрд теңге сұрайды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазТАГ-қа сілтеме жасап.

«Бюджеттік бағдарлама бойынша жалпы шығыстар («Шәкен Айманов атындағы  «Қазақфильм» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту», мың теңгемен): 2022 – 3 885 948», - делінген бюджеттік бағдарлама жобасында.