Алматыда бірнеше көшені қала шегіне дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді

Алматыда бірнеше көшені қала шегіне дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді
Сурет: Ttwitter.com

2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзартылады.

Алматыда бірнеше көшені Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзарту үшін Ұлттық қордан 8 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Алматы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Серік Самұратов мәлім етті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

«Алматыда Саин, Солтүстік айналма, Рысқұлов және Абай көшелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. Биыл бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 8 миллиард теңге бөлінді. Саин көшесіне – 2,7 млрд теңге, Рысқұлов – 2 млрд теңге, Абай – 2 млрд теңге, Солтүстік айалма жол – 1,3 млрд теңге», - деді Серік Самұратов брифинг барысында.

Бұған дейін Алматы әкімдігі екі көшенің Үлкен Алматы айналма жолына дейін ұзартылатыны туралы айтқан болатын.

Н.Тілендиев көшесін тоғыз шақырымға, ал солтүстік жарты айналма жолды 1,2 шақырымға ұзарту көзделген.

Жалпы 2030 жылға дейін Алматыда 38 көше ұзаратылады.

Сарапшылар жаңа көшелерді екі кезеңде салуды ұсынып отыр. Көшелердің бір бөлігі - 2025 жылға дейін, ал екіншісі - 2030 жылға дейін.