«Қазақ титаны» бокста «Иран Халкін» нокаутқа жіберді

«Қазақ титаны» бокста «Иран Халкін» нокаутқа жіберді
Сурет: inform.kz

Алыптар айқасы

«Қазақ титаны» лақап атымен танымал алып күш иесі Алмат Жұманов «Wicked N’ Bad на Dubai P7 Arena» промоушенінің Дубайда (БАӘ) өткен турнирінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 

Sports.kz сайтының мәліметінше, А.Жұманов турнирде өзін «Иран Халкі» деп атайтын өзге палуан Саджад Гарибимен кездесті. 

Олар жекпе-жекті бокс ережесі бойынша екі минуттан төрт раунд форматында өткізді. 

Айқаста «Қазақ титаны» жеңіске жетті – ол бірінші раундта-ақ оппонентін техникалық нокаутқа жіберді. 

Еске салайық, «Қазақ титаны» алып заттарды көтерумен, сүйреумен танымал. Ол биылғы сәуір айында АН-72 ұшағын орнынан қозғап, Гиннес рекордтар кітабына енді. 

Ал «Иран Халкі» бодибилдингте ауыр заттарды көтерумен танымал. Оның дене бітімі әлеуметтік желіде танымалдылық алып келді: бойы 188 см, салмағы 177 кг (оның көбі бұлшық ет).